Жамбыл облысында қызылшаны жаңа технологиямен суара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қызылшаны жаңа технологиямен суара бастады

19.09.2014
Жамбыл облысында қызылшаны жаңа технологиямен суара бастады

Бұл - Меркі ауданындағы ең ірі шаруа қожалықтың бірі. Биыл 100 гектар алқапқа қант қызылшасын өсірді.

Өнімнің жапырағы жайқалып, түбірі толысқан тамыр байлап енді бір айдың шамасында жинап алуға толыққанды жарағалы тұр. Бұл жаңбырлатып суарғанның арқасы.

Қазір Меркі ауданындағы 700 гектар қызылша алқабы осы жаңбырлату технологиясымен суарылып жатыр.

Былтыр егістіктің әр гектарына 130 мыңнан субсидия берілген еді. Шаруалар биыл да осындай көлемде қаржылай көмек алатын болады. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу