Бельгияда теракт болу қаупі ең жоғарғы 4-ші деңгейден 3-ке түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда теракт болу қаупі ең жоғарғы 4-ші деңгейден 3-ке түсірілді

25.03.2016
Бельгияда теракт болу қаупі ең жоғарғы 4-ші деңгейден 3-ке түсірілді
Брюссельде аза тұтудың үшінші күні. Қаладағы жағдай қалпына келтіріле бастағанмен, халық үрейден арылған жоқ. Дегенмен, әуежай мен метродағы жарылыстардан қаза тапқан азаматтардың туған-туыс, жақындарына қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр.

Нақтырақ айтсақ, такси қызметі елдің өзге қалаларындағы әуежайларға ұшып келген марқұмдардың ағайындарын ел астанасына тегін жеткізуде.
Әрі қарай оларды Брюссельдегі қонақ үйлер қауымдастығының өкілдері күтіп алып, қаладағы қонақ үйлерге тегін орналастырып жатыр.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу