Бүркіт әскери құрылғыға шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүркіт әскери құрылғыға шабуыл жасады

11.03.2016
Бүркіт әскери құрылғыға шабуыл жасады
Бүркіт әскери құрылғыға шабуыл жасады

Норвегияның Тронделаг аймағында өткен НАТО ның «Cold Respons» әскери жаттығуы кезінде RQ-11 Raven mini-UAV әскери дроны құлаған. Норвегия Қарулы күштерінің бұл ұшатын құрлығысына бүркіт шабуыл жасағаны белгілі болды.

Әскери құрылғының операторы Хакон деген офицер: «Дрон арқылы Швеция танктерінің қайда орналасқанын анықтауға тырысып жатқан едік. Әуеден барлау жасап жүргенбіз. Сол сәтте дронға белгісіз бірдеңе шабуылдады. Аппаратты кері қайтарып, әуежайға қондыруға тырыстым. Бірақ, ол жерге құлады»-деп атап өткен Норвегияның forsvaret.no сайтына берген пікірінде.

Кейіннен ұшатын құрылғыға бүркіттің шабуыл жасағаны белгілі болды. Әскери жаттығудың баспасөз хатшысы Фредрик Тандберг дронның қанаттарында бүркіт шеңгелінің іздері қалғанын мәлімдеді. Әрі бүркіттің тепкісінен аппараттың бір қанаты сынып түсіпті.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу