Шығыс Қазақстан облысында терісі бағалы аңдар фермасы ашылды
Зырян ауданының тұрғыны Валерий Мусин елімізде ерте заманнан бері келе жатқан осы ерекше кәсіпті қайта жандандыруды мақсат етіп отыр.
Ол ұзақ жылдар бойы шетелдерден бағалы терілерді сатып алып, олардан қысқы бас киім тігумен айналысқан. Енді, осы аңдарды өзі өсіріп, тері өндірісін дамытпақ.
Бұдан былай ол бас киім және басқа да киім тігуде өзі өсірген аңдардың терісін пайдаланады.
Зырян ауданының тұрғыны алдағы уақытта бағалы терілерден түрлі киім тігетін цех та ашпақ. Түрлі ішіктер мен тондарға сұраныс қазірден түсіп жатыр.
Сонымен қатар, осындай ферма ашуға ниет білдіргендерге аңдарды да сатады. Әзірге, мұндай аң шаруашылығы еліміз бойынша тек Шығыс Қазақстанда ғана бар.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02