АҚШ Сириядағы соғысты тоқтатудың балама жоспарын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сириядағы соғысты тоқтатудың балама жоспарын ұсынды

25.02.2016
АҚШ Сириядағы соғысты тоқтатудың  балама жоспарын ұсынды
АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы мен Пентагон президент Барак Обамаға Сирияға қатысты «Б» жоспарын ұсынған. Мұны «The Wall Street Journal» газеті хабарады.

Басылымның мәліметіне қарағанда, балама жоспар Сириядағы атысты тоқтату туралы келісімді Ресей орындамаған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Онда Сирияның оппозициялық күштеріне әуе соққысынан қорғану туралы барлау мәліметтерін беру, үкімет армиясын шабуылдауға көшу қарастырылған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу