Қытай жаңа сандық валюта енгізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай жаңа сандық валюта енгізбек

22.01.2016
Қытай жаңа сандық  валюта енгізбек
Қытай жаңа сандық  валюта енгізбекҚытай Халық банкі (ҚХБ) айналыстағы дәстүрлі қағаз ақша құнын және саясаткерлердің ақша желісін басқарудағы үстемдігін арттыру үшін жаңа сандық валюта енгізбек.

Қытай Халық банкі зерттеу тобына нақты стратегиялық мақсатты айқындап, технологиялық кедергілерден өту жолдарын тауып, сандық валюта тезірек енгізілсін деп тапсырыпты.

Неге басқару органдары кенеттен физикалық қолма-қол ақшаны қолданыстан шығарып тастағысы келеді? Оның банктер мен үкіметке қандай пайдасы бар?

Осы тәсіл арқылы болашақта әрбір қаржылық мәмілеге салық салынып, әрбір қаржылық мәміле үшін жарна төленуі мүмкін. Сондай-ақ салымдарды жаппай жою әрекеттері жойылады.

Виртуалды валютаның экономикалық іс-шаралардағы лас ақшаның ізін жасыру және салық төлуден жалтару сияқты және тағы басқа қиын мәселелермен күресуде талай септігін тигізе алатыны сөзсіз.

Хабарламаларға жазылу