Әйгілі сәулетші әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған әуежайдың жобасын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі сәулетші әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған әуежайдың жобасын жасады

20.01.2016
Әйгілі сәулетші әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған әуежайдың жобасын жасады
Әйгілі сәулетші әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған әуежайдың жобасын жасады
Дәрі-дәрмек сияқты қажетті нәрселерді таситын дрондар жақын арада Африканың орталық-шығысындағы кішкентай мемлекетке технологиялық революция әкеледі деген үміт бар.

Жоба дайындаушылардың айтуынша, бағасы арзан әрі қолдануға да ыңғайлы дрондар салмағы 100 келі болатын жүкті қажетті жеріне жедел түрде жеткізіп беруге қауқарлы. Ал, әуежайда олар жөнделіп, қуат алып, дрондардың қызметіне керек өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі.

Бұл жоба Лозанна Федералдық политехникалық институтының Afrotech жобасының басшысы Джонатан Ледгард пен аты дүние жүзіне әйгілі ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің еңбектерінің «жемісі».

Осы ретте, Қазақстандағы Бәйтерек, Хан шатыр, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Абу-Даби плаза сынды сәулет өнерінің сирек туындылары Норман Фостердің еңбегі екенін айта кету керек.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстары биылдан басталып, 2020 жылға дейін жалғаспақ. Қазіргі таңда әлемге танымал Amazon.com Inc электронды коммерциялық компаниясы аталмыш жобаға ерекше қызығушылық танытып отыр және аталмыш компания 2015 жылдың сәуір айында Америка құрама штаттарында дрондармен жұмысты сынақтан өткізуге рұқсат алды.

Дронпорттың жанында медициналық клиника, дрондар жасалатын орталық, пошта бөлішелері бар. Жоба сәтті жүзеге асырылып, сәтті іске қосылатын болса, ол тек Руанда ғана емес осы елге жақын өзге де аймақтарға қызмет көрсететін болады деген үміт бар.

«Әрбір дронпортты салу үшін жобамен 2-3 жыл уақыт және 300 000 АҚШ доллары жұмсалады. Біз жобаны жүзеге асыру үшін қаражаттың мүмкіндігінше аз жұмсалуын қадағаладық, тіпті дрондардың басым бөлігін ескі технологиялармен жабдықтадық десе де болады»,- деді Ледгард.

Ғылыми-зерттеулер мен дамыту және нормативтік жұмыстарды зерттеу кезіндегі ақпарат бойынша бірінші коммерциялық дронды іске қосу жобасына төрт жыл сайын 6 млн АҚШ доллары жұмсалады.

Қазіргі таңда дронның екі түрінің жобасы жасалды. Үлкенінің жүктеуі 100 келі, кішісінікі 10 келі. Жылдамдықтары сағатына шамамен 90 км болады. Руанданың 11,78 млн халқы бар. 2020 жылға дейін 40-қа жуық дронпорт пен 3 үлкен ғимарат салынып, жоба Руанданың 5,2 млн халқын немеес ел тұрғындарының 44 пайызын қамтитын болады.

Дронпорттардың тек қана Африкада емес, кез келген жол желілері шектеулі Сібір, Бразилия, Аргентина, Канада және тағы да басқа мемлекеттерде тиімді болуы мүмкін.

Сілтемелер:
http://edition.cnn.com/2015/10/05/architecture/gallery/rwanda-droneport-foster-epfl/index.html?iid=INTL_SPC
http://qz.com/519849/the-worlds-first-airport-for-drones-will-be-built-in-rwanda/
http://www.bloomberg.com/news/articles/2015-10-19/airport-for-drones-ferrying-e-commerce-goods-planned-for-rwanda        
Қосымша
http://www.inform.kz/rus/article/2199756

Хабарламаларға жазылу