Түркия ресейлік ұшақты атып түсірді

24.11.2015
Түркия ресейлік  ұшақты атып түсірді
Түркия ресейлік  ұшақты атып түсірді


Cирияның Түркиямен шекараластын аймақтарының бірінде әскери ұшақ құлады. Ресей әскерлеріне тиеселі ұшақты түрік әуе күштерінің жойғыш ұшақтары атып түсірген. Бірақ, бірнеше мәрте ескерту жасалыпты.

Түркияның Haberturk телеарнасының хабарлауынша әскери ұшақ Сирия түркімендері мен Башар Асад әскерінің арасында шайқас жүріп жатқан Түркімендағ аталатын тауларға құлаған көрінеді. Haberturk тілшісі Мұрат Карадаг ұшақ құлаған сәтте шекаралық аймақта сюжет түсіріп жүріпті. Сөйтіп, ұшақтың құлаған сәтін бейнекамераға жазып алған.

Соңғы деректерге қарағанда ұшақты Түркия қарулы күштерінің құлатқаны белгілі болды. Түркия Қарулы күштері бас штабының деректеріне сенсек әскери ұшақты түрік жойғыш ұшақтары атып түсірген. Әу баста , құлаған үшақтың қай елдікі екені белгісіз делінген.. Дегенмен, Қытайдың Синьхуа агенттігі агенттігі құлаған ұшақтың Ресейдің Сириядағы әскери тобына тиеселі екендігін жазды. Кейін құлаған ұшақтың Ресей әскеріне тиеселі екендігі анықталды. Ресей Қорғаныс министрлігі Су-24 ұшағы 6 мың метр биіктікте болғандығын, тек Сирияның әуе кеңістігінде ұшқанын хабарлады. Ұшқыштар өртенген ұшақтан секіріп кеткен. Әзірге ұшқыштардың тағдыры белгісіз.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу