Полицейлер эмигранттар орталығындағы тәртіпсіздікті тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер эмигранттар орталығындағы тәртіпсіздікті тоқтатты

10.11.2015
Полицейлер эмигранттар орталығындағы тәртіпсіздікті тоқтатты
Босқындар арасындағы қақтығыстың басталуына ирандық күрдтің қазасы себепші.

Австралиядағы заңсыз мигранттар орталығында бүлік шығып, бір адам қаза тапты. Жанжал кезінде тағы бес адам жараланған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, босқындар арасындағы қақтығыстың басталуына ирандық күрдтің қазасы себепші.

Оқиға елдің «Крисмас» аралында болды. Тәртіпсіздік кезінде Таяу Шығыс пен Африкадан келген мигранттар айналасына өрт қойып, күзетшілерге шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, тәртіп сақшылары лагерьді бүгін бақылауға алған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу