АҚШ-та жұмыс орындары азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жұмыс орындары азайды

05.11.2015
АҚШ-та жұмыс орындары азайды
«Мудис» агенттігінің деректеріне жүгінсек, өткен айда компаниялар тек 182 мың вакансия ашқан.

АҚШ-та қазанда ашылған жаңа жұмыс орындарының саны тағы азайды. «Мудис» агенттігінің деректеріне жүгінсек, өткен айда компаниялар тек 182 мың вакансия ашқан.

Ал, қыркүйекте бұл көрсеткіш 190 мыңға тең болып, былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда, 21 пайызға кем түскен.
Экономисттердің пікірінше, доллар нығайғандықтан экспорт төмендеп, бүгінде ірі корпорациялар жаңа жұмыс орындарын ашуға қауқарсыз болып отыр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу