Тони Блэр Ирактағы соғыс үшін кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тони Блэр Ирактағы соғыс үшін кешірім сұрады

26.10.2015
Тони Блэр Ирактағы соғыс үшін кешірім сұрады
АҚШ пен оның одақтастарының 2003 жылы Иракқа басып кіруі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының пайда болуына себеп.

Тони Блэр сол соғысты жоспарларда жіберілген қателіктер мен қарулы жанжалдың зардаптары үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Дегенмен, Т.Блэрдің ойынша, 2011 жылы басталған «Араб көктемі» революциялары Иракты бәрібір айналып өтпес еді.

Экс-премьер бұл мәлімдемені Ирак соғысын алты жыл бойы тергеген тәуелсіз комиссияның қорытынды есебі жарияланарда жасады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу