«Zara» дүкендер желісінің иесі – Амансио Ортега әлемдегі ең бай адам атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Zara» дүкендер желісінің иесі – Амансио Ортега әлемдегі ең бай адам атанды

24.10.2015
«Zara» дүкендер желісінің иесі – Амансио Ортега әлемдегі ең бай адам атанды
Таяуда 79 жастағы испаниялық бизнесмен компаниясының акциялары өсіп, оның қазынасы 79 миллиард 9 миллион долларға жетті. Бірақ, көп ұзамай Ортеганың құнды қағаздары қайта арзандап, Билл Гейтс өзінің лидерлік позициясына оралды.

«Zara» фирмасының негізі 1975 жылы қаланған. Бүгінде бұл брендтің әлемнің 90 мемлекетінде 6 мыңнан астам дүкені бар.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу