Жүздеген тарихи жәдігер Колумбияға қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүздеген тарихи жәдігер Колумбияға қайтарылды

25.06.2014
Жүздеген тарихи жәдігер Колумбияға қайтарылды
 
Испания алтын мүсіндер, бағалы таспен көмкерілген әшекейлер мен 3 мың жылдық тарихы бар қыш бұйымдар тәрізді 691 тарихи жәдігерді Колумбияға қайтарды.
 
Испанияға заңсыз жолмен апарылған бағалы ескерткіштер 2003 жылы есірткі тасымалына қарсы рейд кезінде тәркіленген. Олар жақсы сақталыпты. Құнды экспонаттар Мадридтегі «Америка мұражайында» колумбиялықтарға тапсырылды.
 
Арнайы рейд барысында барлығы мыңға жуық тарихи бұйым табылған. Қазір Испания қалған 300-ге тарта жәдігердің қай елдерге тиесілі екенін анықтап жатыр. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу