Ливанда жарылыстан 19 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливанда жарылыстан 19 адам жараланды

24.06.2014
Ливанда жарылыстан 19 адам жараланды
Ливан астанасы Бейрутте жанкешті көлікті дәмхана жанында жарып жіберіп, 19 адамды жаралады.
 
Шабуыл тұрғындар футбол чемпионатын көріп отырғанда ұйымдастырылған. Терактіден лаңкестің өзі де сол жерде тіл тартпастан кетті.
 
Зардап шеккендер дереу жақын маңдағы госпитальге жеткізілді.
 
Айта кетсек, Сирия мен Ирактағы жағдай бұл мемлекетке кері әсер етіп отыр.
 
Ливанда да соңғы жылдары діни сипаттағы жанжалдар жиі болып жүр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу