Варшава Вашингтонмен одақтас болғанына риза емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Варшава Вашингтонмен одақтас болғанына риза емес

24.06.2014
Варшава Вашингтонмен одақтас болғанына риза емес
Польша сыртқы істер министрі өз мемлекетінің АҚШ-пен одақтас болғанына риза емес. Ол тіпті Варшава мен Вашингтонның  байланыстарын пайдасыз деп есептейді.
 
Мұны поляк дипломатиясының жетекшісі Радек Сикорский елдің бұрынғы қаржы министріне жасырын айтқан.
 
Сикорский Құрама Штаттармен одақтастық Польшаны Ресеймен, Германиямен араздастырады, деп қауіптенетінін айтқан.
 
Екі шенеуніктің құпия әңгімесін Польшаның «Впрост» журналы  жариялап жіберген.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу