Канадада тікұшақпен қашқан тұтқындар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада тікұшақпен қашқан тұтқындар ұсталды

23.06.2014
Канадада тікұшақпен қашқан тұтқындар ұсталды
Канадада осыдан екі апта бұрын тікұшақпен түрмеден қашқан үш тұтқын ұсталды. Полиция оларды Квебек-Сити қаласы маңындағы Монреаль шаңғы курортындағы вилладан тапқан.
 
Олардың үшеуі де - есірткі саудасына және адам өліміне қатысы бар қылмыскерлер.
 
Тұтқындар 7-маусымда абақты ауласында серуендеп жүріп, іздерін суытқан. Полиция оларға қашып шығуға көмектескен адамды іздестіріп жатыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу