Пентагонның жоспарына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагонның жоспарына қарсы шеру өтті

23.06.2014
Пентагонның жоспарына қарсы шеру өтті
АҚШ-тың жүздеген тұрғыны Пентагонның Иракқа қосымша әскери кеңесшілер жіберу туралы жоспарына қарсы шерулетті.
 
Наразылық акциялары Вашингтон, Лос-Анджелес және тағы басқа бірқатар қалаларда өткен.
 
«Жаңа соғысқа жол жоқ!», деп ұрандатқан демонстранттар америкалықтарды Иракқа қарсы кез-келген операция түріне қарсы тұруға үндеді.
 
Айта кетсек, жақында Ақ үй басшысы Барак Обама этникалық жанжал өршіген Иракқа 300 әскери кеңесші жіберетінін және қажет болса, шектелген әскери іс-қимыл жүргізетінін мәлімдеді.  
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу