Торнадодан ондаған үй зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торнадодан ондаған үй зардап шекті

19.06.2014
Торнадодан ондаған үй зардап шекті
Канаданың Ангус қаласында торнадо соғып, 100 шақты үй зардап шекті. Олардың көбінің шатыры жұлынып, қабырғалары қираған. Құйын жайпаған ауданда қазір қалпына келтіру, тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
 
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан дауылдан үш адам жеңіл-желпі жараланды. Қаза тапқандар жоқ. Үш жарым мыңдай адам жарықсыз қалған. Бүгінде мамандар электр жүйесін іске қосуға күш салып жатыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу