Ауғанстанда тәліптер 11 адамның саусағын шауып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тәліптер 11 адамның саусағын шауып тастады

16.06.2014
Ауғанстанда тәліптер 11 адамның саусағын шауып тастады
 
 
 
Ауғанстанның Герат провинциясында тәліптер 11 адамды президенттік сайлаудың екінші кезеңінде  дауыс беруге қатысқаны үшін жазалады.
 
Қылмыскерлер олардың дауыс беру кезінде арнайы сия жағылған сұқ саусақтарын шауып тастаған. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жапа шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілуде. 
 
Жалпы, сайлау күні тәліптер ел аумағында 150-дей шабуыл ұйымдастырып, 46 адамды өлтірген. Миллиондаған тұрғын тәліптерден қорқып, дауыс беруге қатыспаған.
 
Қазіргі президент Хамид Карзайдың ізбасарын анықтайтын саяси доданың нақты қорытындысы шілденің 22-де белгілі болады.
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу