АҚШ-тан басқа елде қару-жарақпен кісі өлтіру мәселесі жоқ - Б.Обама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тан басқа елде қару-жарақпен кісі өлтіру мәселесі жоқ - Б.Обама

11.06.2014
АҚШ-тан басқа елде қару-жарақпен кісі өлтіру мәселесі жоқ - Б.Обама
АҚШ президенті Барак Обама елде қару-жарақты қатаң бақылауға алу мәселесі бойынша Вашингтонның шарасыздық танытуына ұялатынын мәлімдеді.
 
Ақ үй басшысының сөзінше, Құрама Штаттарда атыс қаруының кесірінен жаппай кісі өлімі апта сайын тіркеледі.
 
Сонымен бірге, Обама АҚШ-тан басқа әлемнің бірде-бір елінде дәл мұндай проблеманың жоқтығын жеткізді.
 
Бұл ретте Ақ үй басшысы атыс қаруын ұстау және бақылау туралы заңдарды күшейту туралы өз бастамасының Конгресстен қолдау таппайтынына қынжылады.
 
Құрама Штаттар лидері Орегон штатындағы мектепте болған атыстан бірер сағаттан кейін сөз сөйлеп отыр.
 
Тратдейл қаласындағы оқу орнында қаруланған ер адам оқ атып, 1 оқушыны мерт қылды. Кейін  қылмыскер өзін-өзі атып өлтірген. Әзірге оның есімі белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу