Ирактың батысындағы Анбар провинциясында қақтығыс өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактың батысындағы Анбар провинциясында қақтығыс өршіп барады

10.06.2014
Ирактың батысындағы Анбар провинциясында қақтығыс өршіп барады
Ирактың батысындағы Анбар провинциясында сүнниттік қарулы топтар мен қауіпсіздік күштері қақтығысып жатыр. Полиция мен армия бірнеше қаланы содырлардан босатқысы келеді. Бірақ, шииттік үкіметті мойындамайтын жасақтар оларға дес берер емес.
 
«Азат Еуропа» радиосының хабарлауынша, шайқас Рамади, Гарма, Сичир, Фаллуджа қалалары үшін жүріп жатыр. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының есебіне жүгінсек, бұл шаһарлардан соңғы жарты жылда 480 мың бейбіт тұрғын қашқан екен.
 
Ирак үкіметі көтерілісшілерді қаржыландырды деп Сауд Арабиясы мен Катарды айыптап отыр. Алайда, әр-Рияд пен Доха ресми Бағдад таққан кінәні мойындар емес.
 
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу