Президент айтқан 10 басым бағыт экономикалық және саяси жүйенің дамуына серпіліс береді - М.Әшімбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент айтқан 10 басым бағыт экономикалық және саяси жүйенің дамуына серпіліс береді - М.Әшімбаев

13.06.2019

Президент айтқан 10 басым бағыт экономикалық және саяси жүйенің дамуына серпіліс береді. Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің ұлттық коалициясының отырысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

 

Демократиялық күштер бүгін дөңгелек үстел басына жиналып, елдегі соңғы саяси науқанға қатысты пікірлерін ортаға салды. Кәсіпкерлер палатасы мен Ардагерлер кеңесі бастаған барлық үкіметтік емес ұйым өкілдері саяси сабақтастық үрдісіне қолдау білдіріп, жаңа Президенттің бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. Бұл ретте, Президенттің алғашқы Жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бастамасы көптің көңілінен шықты.

 

Мәулен Әшімбев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Қ.Тоқаев билік пен қоғамның арасындағы диалогты одан әрі қарай дамытуға ерекше назар аудары керектігіне ерекше көңіл аударды. Соның нәтижесінде қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл азаматтық қоғамды дамытуға жаслаған нақты қадам.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу