Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан 10 қадамы ел дамуы үшін еңсерілер ең негізгі бағыттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан 10 қадамы ел дамуы үшін еңсерілер ең негізгі бағыттар

13.06.2019

Бұл өз кезегінде Елбасының парасатты саясатының сабақтастығы. Сонықтан бұл игі қадамдардан елдің күтері көп,- дейді қоғам қайраткерлері.

 

Бақытқали Мұсабеков, қоғам қайраткері:

 

Үй мәселесін шешемін, жұмыссыздықпен күрес жүргіземін дегені көңілге қонады. Ең бастысы «Рухани жаңғырудағы» айтқан ойлары ұнады. 30 дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңесеміз, бәсекеге қабілетті боламыз деген ойлары үлкен мемлекеттік саясатты жүргізудің басы болып табылады. Осы игілікті істердің барлығы өз жемісін берсе екен.

 

Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

 

Бүгінгі бізге керегі — тұрақтылық, татулық, бірлік. Осы үшеуі болса, алға қойған қандай да бір мақсат болсын, орындауға мүмкіндік бар. Бірінші кезекте елдің қауіпсіздігі, халықтың әлеуметтік жағдайы, үшінші кезекті ішкі дүниеміз бен сыртқы дүниемізді теңдестіріп, көптеген жағдайлар қойылып отыр. Бәрі көңілге қонымды. Етіп отырып көңілің қуанады. Осыны бағалай білу керек. бар бақытты бағалай білмеген ертең соған жете алмай қалады.

 

Айдарбек Айтбөкешев, Атырау зияткерлік мектебінің директоры:

 

Қазақ халқы әрқашанда бірлік пен ынтымақты ту еткен ұлт. Соңғы елімізде болған саяси өзгерістер мұның дәлелі. Қазақ елінің мықты болуы біріншіден адами ресурстардың қолында. Сондықтан, Елбасы, ҚР Президентінің саясатында бұл білімге үлкен көңіл бөліп отыр. Өйткені, тек білімді ұпрақ қана еліміздің кемел болашағы деп айтуға болады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу