Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде Қазақстан халқына ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде Қазақстан халқына ант берді

12.06.2019

Тәуелсіздік сарайында сайлауда жеңіске жеткен мемлекет басшысының ұлықтау рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге және өзiне жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға ант етті. Одан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Президент куәлігін тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғы сөзін Қазақстан халқына алғыстан бастады. Ол бұл сайлау демократия талаптарына сай өткенін айтты. Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі деді. Президент Елбасы стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмыс істеп, Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағытында маңызды қадамдарға барамын деді. Тоқаев өз сөзінде дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін жаңа амалдар мен шешімдер керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешуді тікелей өзі қолға алмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Өткір әлеуметтік мәселелермен, барынша мұқтаж жандарға көмектесу ісімен айналысуды көздеп отырмын. Үкіметке бұл салада үздік нәтижеге жету амалдары тапсырылды. Бізге әлеуметтік саясатты салмақты түрде жаңарту керек.

Үшіншіден, қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау білдіремін. Инвестиция тарту мен оларды қорғау, іскерлік белсенділікті жігерлендіру, орта класты қалыптастыру көзделеді.

Төртіншіден, менің мақсатым - қоғамның бірлігін қамтып, әрбір азаматтың құығын қорғау.

Ең бастысы - әрдайым қайда болмасын Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын боламын.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу