Премьер-Министр Асқар Мамин соңғы 5 айда ЖІӨ 4%-ға өскенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин соңғы 5 айда ЖІӨ 4%-ға өскенін айтты

11.06.2019

Отырыс кезінде осы жылдың бес айында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылмен салыстырғанда 4% жоғары көрсеткіш көрсеткені айтылды. Экономиканың алға сүйрейтін құрылыс, сауда-саттық, өңдеуші сектор, машина жасау салалары өсу байқалады. Ал әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының жұмысы оң бағаланды. Үкімет басшысы жеміс-жидек пен көкөністердің көп уақытында базардағы бағаны арзандату жайын тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасының толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың және инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асырудың арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады Бұл өте маңызды міндет.

 

Хабарламаларға жазылу