Қазақстан биылғы жылы да дамыған 50 елдің қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан биылғы жылы да дамыған 50 елдің қатарында

03.09.2014
Қазақстан биылғы жылы да дамыған 50 елдің қатарында

Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын дамыған елдердің тізімін шығарады. Сол тізімдегі 144 елдің ішінде Қазақстан экономиканың сатылай дамуы бойынша 50-орында тұр. Жалпы, көрсеткіш бойынша еліміз 4,4 балл жинаған.

Бізден бір сатыға жоғары Италия мемлекеті орналасыпты. Ал, Ресей Федерациясы былтырғы жылмен салыстырғанда 11 сатыға көтерілген, 53-орында. Сондай-ақ, әлемдегі ең дамыған ел - алтыншы жыл қатарынан Швейцария танылып отыр. Тізім соңында Африка мемлекеттері.          

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу