Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты тапсырмалар берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты тапсырмалар берді

06.05.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты жұмысты үдете түсуді тапсырды. Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда осы уақытқа дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3 трлн теңгеге жуық 1300 жоба іске асқан. Ең ауқымды жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық, білім беру, денсаулық сақтау секторларында іске асырылған.

 Дейтұрғанмен, арқаны кеңге салуға ерте. Асқар Маминнің ойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әлеуеті толығымен жүзеге асырылмаған.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Біріншіден, бүгінгі баяндамашылар жобалардың сапасы бойынша мәселе көтерді. Осыған байланысты өңірлерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қарау кезінде бюджеттен шығындарды азайтатын жобаларға назар аударуды тапсырамын.

Ғабит БӨКЕНБАЙ  

 

Хабарламаларға жазылу