БҰҰ мен Ішкі істер министрлігі жаңа бағдарламаға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ мен Ішкі істер министрлігі жаңа бағдарламаға қол қойды

26.03.2019

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жаңа бағдарламаға қол қойды. Енді олар экстремистік және террористік сипатта сотталғандармен жұмыс істеудің жаңа жүйесін қалыптастырады. Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін теологиялық оңалту жұмыстары бойынша оқыту орталығы да ашылмақ. Бағдарлама 2021 жылға дейін жалғасады. Жаңа тәсіл әзірге пилоттық жүйемен 2 мекемеде жүргізілмек. Жақсы нәтижелерге қол жеткізіліп жатса барық бас бостандығынан айыру орындарына енгізіледі.

Бекболат Шәкіров, Қылмыстық атқару жүйесінің басқарма бастығы:

Ең басты мақсаты - бас бостандығынан айырылған азаматтардың ертең өзінің мерзімін өтегеннен кейін қайтадан мекемеге оралмауы. Біз сотталғандармен бірінші күннен бастап жұмыс істейміз. Қазіргі таңда Қазақстан, Тунис және Уганда 3 мемлекеттері 4 жылға арналған жоспар атқарғалы отыр. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу