Қазақстан мен Вьетнамның құқықтық органдары қылмыстық істерді ашу кезінде бір-біріне көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Вьетнамның құқықтық органдары қылмыстық істерді ашу кезінде бір-біріне көмек көрсетеді

27.02.2019

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміз бен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Құжатты ратификациялау екі елдің қылмыспен күрес бағытындағы ынтымақтастығын арттырады. Осындай сипаттағы шарттар жалпы 27 елмен бекітілген. Қазір мұндай құжаттарды Куба, Грекия және Македониямен жасау пысықталып жатыр.

Еліміз бен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа 2017 жылдың маусымында Ханойда қол қойылған еді. Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азияда біз үшін тартымды елдердің бірі болып отыр. Яғни, экономикалық тұрғыда бұл мемлекетпен байланыстар нығайып келеді.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу