«Нұр Отан» партиясына – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясына – 20 жыл

27.02.2019

Еліміздің ең ірі партиясы - «Нұр Отанның» қалыптасу тарихы мен дамуын бір шолып өтсек.

1999 жылдың ақпанында «Отан» республикалық саяси партиясы ретінде Әділет министрлігінде тіркелген. Осы жылдың наурызында партияның алғашқы съезі өтеді. Оған 400 адамдай қатысқан екен. Ал, бір жылдан соң партияның жастар қанаты құрылады. 2006 жылдың желтоқсанында кезектен тыс X съезде «Отан» «Нұр Отанға» айналады.

Қазір партияның 800 мыңнан астам мүшесі бар. Орталық аппаратта да, аймақтық филиалдарда да партия мүшелерінің жартысынан астамы әйелдер, қалғаны ер адамдар. Ал, жас ерекшелігіне қарай бөлсек, орталық аппаратта 47 пайызын 30 бен 39 жас аралығындағы адамдар құрайды екен. Аймақтық филиалдарда орта жастағылардың үлесі - 30 пайыз.

Бастауыш партия ұйымдарының саны әр жылы әртүрлі болған. Алғашқы жылдары 6500-ден асса, қазіргі танда 5607 екен. Ең көбі 2005 жылға келеді, ол жылы 9500-ге жуық бастауыш партия ұйымы құрылған екен. Ал, партияның филиалдар саны жыл сайын арта түскен. 2000 жылы 220 болса, қазір филиалдар саны – 247.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу