Ақтау қалалық сотының төрағасы М.Кенжалиевтің қызметі уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қалалық сотының төрағасы М.Кенжалиевтің қызметі уақытша тоқтатылды

14.02.2019

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиевтің қызметі уақытша тоқтатылғанын, бірақ жұмыстан босатылмағанын мәлімдеді. «Судьяларды жұмыстан босату үшін көпсатылы рәсім жасалуы қажет», - дейді ол. Сотта мұндай рәсім жарты жылға дейін созылады.

Айта кетейік, Мәлік Кенжалиев Каспий теңізінің бойында коттедж тұрғызып алып, қалған 1,8 миллион теңгені жұмысшыларға төлеуден бас тартқан. Сонымен қатар, түрмемен қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл мәселе Жоғарғы Сот кеңесінде талқыланбақ.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:

- Мәселе оның коттеджі салды ма, салмады ма, онда емес. Мәселе қарызы бар ма, жоқ па, оған да қатысты емес. Қаралған мәселе - видеодағы айтқан әңгімесі. Ол әдеп кодексінің талаптарын бұзды.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу