Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі болып тағайындалды

12.02.2019

Ұзақ уақыт бойы Ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымовты алмастырған кім? Көптің көкейінде осындай сұрақ туындауы мүмкін. Ерлан Тұрғынбаев 1962 жылы тамыздың 14-і Алматыда дүниеге келген. Мамандығы бойынша заңгер, Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1984 жылы бастаған. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калинин аудандық, Алматы қалалық Ішкі істер департаменттерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 2002-2006 жылдар аралығында Ішкі істер министрлігінің әртүрлі департаменттерінде еңбек еткен, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы болған. 2006-2012 жылдары Алматы Ішкі Істер Департаментін басқарған. Ал, 2012 жылы Ішкі Істер вице-министрі болып тағайындалған. Қасымовтың өзге орынбасарларымен салыстырғанда, Тұрғынбаев тасада қалып қойғандай. Журналистерге берген сұхбаттары көп емес. Ғаламтордағы ақпарат та ресми мәліметпен ғана шектелген. Белгілісі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаев ІІ-дәрежелі «Айбын» ордені мен І-дәрежелі «Қайсар» белгісімен марапатталған. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу