Мәжіліс депутаттары алматылық студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары алматылық студенттермен кездесті

05.02.2019

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін ауылдан келген жастар қалада жатақхана іздеп сабылмай, осы заманға сай ғылым-технологияның тілін меңгеруі қажет. Сондықтан маман даярлайтын техникалық колледждер мен университеттер студенттерді уақытша баспанамен 100 пайыз қамтамасыз етуі шарт. Алматылық жастармен кездескен депутаттар осыны айтты.

Мәжілісмендердің сөзінше, тәлімгерлер студенттік шақта оқып, жұмыс істеп те үлгерулері қажет. Дегенмен, жұмыс істеймін деп, оқуды ысырып қоюға да болмайды. Сондықтан кез келген студент баспана мәселесімен басын ауыртпай, бар зейінімен білім алуға ұмтылғаны абзал. Өңірлерден келген өрендер ауылға маман атанып барғанда, сол жердің шаруашылығын ғана көтермей, мәдениетін де көтеретін деңгейге жетулері маңызды.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Аграрлық университеттегі студенттердің 90 пайызы өзіміздің ұлтымыздың балалары. Оларға жағдай жасамасақ, кімге жасаймыз? Олар - еліміздің болашағы. Соған көңіл бөлуіміз керек. Жататын жері, демалатын жері, сабақ оқитын жері болу керек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу