Сенат төрағасы Үкіметке наразылығын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Үкіметке наразылығын білдірді

20.12.2018

Сенатқа заң жобаларының келуінде бірқалыпты жүйе жоқ. Шын мәнінде, өте салмақты әрі күрделі заң жобалары бойынша қысқа мерзімде жұмыс істеуге тура келеді. Тиісті түзетулер аса қауырт, қарбаласпен енгізіледі. Осылай деп Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өкпесін жеткізді. «Үкіметтің өкілдігіне қатысты айтарым, Сіздерге жұмысты істеу керек. Сіздердің жұмыстарыңыз өте нашар. Маңызды заң жобалары бойынша Үкімет Парламент палаталарымен алдын ала үйлесімді жұмыс кестесін белгілеп алғаны дұрыс», - деді спикер. Сондай-ақ, ол «Бүгінгі отырыстың күн тәртібіне өте маңызды заң жобалары енгізіліп отыр, оның бесеуі Елбасының Жолдауларында айқындалған мақсаттарды орындау үшін әзірленген. Жыл сайын қайталанатын мұндай жағдай қабылданатын заңдардың сапасына оң ықпал етпейді», деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Елбасының тапсырмаларын орындауға жыл басынан бері жеткілікті уақыт болғанына қарамастан, бірнеше күрделі заң жобалары Сенатқа жыл соңында ғана бір пакетпен келіп түсті. Сенат депутаттары заң жобалары маңызды болғандықтан, аса қысқа мерзімде қарап, талқылауға мәжбүр болды.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу