Екі азаматтығы бар 15 мыңнан астам қазақстандық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі азаматтығы бар 15 мыңнан астам қазақстандық анықталды

12.12.2018

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасын қарау кезінде айтылды. 555 адам жауапқа тартылып, 102 адамды елден шығарылған, қалғаны айыппұл төлеп кеткен. Сондықтан, осы олқылықтың орнын жою үшін, арнайы келісім жасалды. 2018 жылдың 11 айында бізге 492 мың Тәжікстан азаматы келген. Оның тек 56 мыңы ғана тіркелген. Өйткені, олар бес күннен кейін тіркелуі тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тәжіктердің 90 пайызы 5 күннің ішінде тіркеліп үлгермеген. Ендігі уақытта оларға 30 күн беріледі. Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім биылғы наурызда Астанада жасалған.

Асылбек Смағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жыл сайын елімізге 460 мыңнан астам азамат келсе, оның ішінде Тәжікстан азаматтары екінші орын алып, 8,3 пайызды құрап отыр. Келісімнің мақсаты - миграция саласында екі тарап азаматтарының құқықтарын қорғауға, ынтымақтастыққа, ақпараттық өзара іс-қимылға құқықтық негіз жасау.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу