Жастар жылын мемлекеттік деңгейде атап өтуге дайындық басталып кетті – Г.Әбдіқалықова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар жылын мемлекеттік деңгейде атап өтуге дайындық басталып кетті – Г.Әбдіқалықова

22.11.2018

Жастар арасында құқықбұзушылық пен суицидті азайту және мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының келесі кезеңін әзірлеу. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жасатр саясаты жөніндегі кеңестің отырысында осы мәселелер талқыланды.

Кеңес мүшелері 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын да мақұлдады. Жиынға Үкімет мүшелері, Мәжіліс депутаттары мен жастар саясаты бойынша республикалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы 2013 жылы бекітіліп, құжатта 2020 жылға дейінгі осы бағытта атқарылуы тиіс іс-шаралар айқындалған. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

2019 жыл жастар жылы. Осы мәселеге баса көңіл аударуымыз тиіс. Қазіргі кезде оны мемлекеттік деңгейде атап өтуге дайындық басталып кетті. Осыған байланысты жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын да жандандыру қажет. 

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу