Асқар Мамин қазақ-өзбек шекарасы бойындағы кеден бекеттерінің жұмысымен танысты

15.11.2018

Қазақ-өзбек экономикалық әріптестігі жыл өткен сайын нығайып келеді. Ынтымақтастықты арттыру мақсатында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин шекара бойындағы кеден бекеттерінің жұмысымен танысты. Қайта жаңғыртылған «Қонысбаев» кеден бекеті арқылы соңғы жылдары барыс-келіс артты. «Жібек жолы» бекетінің жаңа автовокзалында қызмет көрсету сапасы да жақсарған. Былтырғы бес айда  2 млн. азамат шекарадан өткен. Биыл бұл көрсеткіш 4 млн-нан асты. Ал, бекет арқылы өткен автокөлік саны 35 мыңдай. Бұдан соң Асқар Мамин  өзбек Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматовпен кездесті. Мұнда тараптар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін көрді. Қарым-қатынасты нығайту мақсатында делегация екі ел арасындағы тиімді сауда-экономикалық тауар айналымын арттыру жайын талқылады. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Екі елдің стратегиялық, географиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, көлік-транзит саласын дамытуға басымдық беруіміз керек. Бұл сала соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Күн сайын екі елдің шекарасы арқылы 10 мыңдаған көлік өтеді. Әлі де болса барыс-келісті арттыру үшін шекарадағы бекеттерде кедергілерді мейлінше азайту керек.   

 

Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу