Қазақстан-Ресей XV өңіраралық ынтымақтастық форумында Президенттерді робот қарсы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Ресей XV өңіраралық ынтымақтастық форумында Президенттерді робот қарсы алады

26.10.2018

Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумында екі ел Президеттерін робот-әртіс қарсы алады.  

Теспиан роботы дүниежүзіне танымал. Ол осыған дейін көптеген театрлық қойылымдарға қатысып үлгерді. Солардың ішіндегі ең басты рөлі - Шекспирдің Гамлеті. Робот-әртісті британдық ғалымдар  құрастырған. Бүгінгі таңда ол ең эмоционалды ақылды машина.  Ән айтып, би билейді, 17 тілде сөйлеп, эмоциясын білдіре алады. Теспиан   адам тәрізді,  шараның барлық маңызын түсінеді.  

9 қарашада өтетін XV өңіраралық ынтымақтастық форумда ол Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинді қарсы алады.   

Дина Әбілмәжінова, Оқушылар сарайының директоры:

Оқушылар сарайы жылдың ең күтулі әлеуметтік нысандарының бірі. Ол маңызды саяси оқиғаны өткізу алаңы ғана емес, болашақта талантты балалардың бағын ашатын орын болмақ. Оны толыққанды жабдықтау үшін екі миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалған. 

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу