Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

Бір апта бойы бос тұрған Қаржы министрінің лауазымына Елбасы Жарлығымен Әлихан Смайылов тағайындалды. Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік басқарудың магистрі дәрежесіне ие. Алғашқы жұмыс орны «А-инвест» инвестициялық-жекеменшік қоры. Кейін Статистика агенттігінде басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика бойынша комитетін де басқарған. Ал, 2015 жылдан бастап бүгінге дейін Президенттің көмекшісі болып келген.   

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу