Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығы

04.09.2018

Қазақстандағы татулық пен келісімнің үлгісіне Таиланд елі үлкен қызығушылық танытып отыр. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен корольдік өкілдері арасындағы кездесу болды. Бангкоктан келген қоғам қайраткерлері еліміздегі жалпыұлттық бірліктің моделін талқылады. Этносаралық қатынастарда мемлекеттік саясатты іске асыруды сөз қылды. Өйткені, Таиланд та Қазақстан сияқты көпэтносты ел. Онда 60-қа жуық этнос өкілдері бар. Сондықтан, осындай басқосуларды жиі өткізіп, Қазақстан халқы Ассамблеясымен терең тәжірибе алмасқысы келетіндерін айтады. 

Криенгсак Чароенвонгисак, Nation-building institute институтының төрағасы:

- Мен басқаратын институт осындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұқсайды. Бізді таңқалдырғаны –мұнда 130 ұлт пен ұлыс өкілі бар және барлығы да бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы тәжірибені меңгергіміз келеді және Ұлттарды дамыту бағдарламасы деген өз жоспарымыз да бар еді. Соны бірлесе талқылағымыз келеді.

 

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу