Сенаторлар «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының жұмысымен танысты

20.06.2018

Ұлттық арна ұлттық болмыстың өзегін сақтап отырған арна. Бүгін сенаторлар «Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясының» жұмысымен танысып, осындай баға берді. Депутаттар көпшіліктің сүйікті бағдарламалары түсірілетін бірнеше студияда болып, арнаның техникалық мүмкіндіктерін өз көзімен көрді. Сондай-ақ, корпорация басшылығымен жиын өткізіп, әрбір арнаның жұмысына жеке тоқталды. «Qazaqstan» Ұлттық арнасының өзге арналармен салыстырғанда 80 пайыз отандық өнім көрсетуін ел қалаулылары жоғары бағалады. «Бұл қазақ тілінің мәртебесін арттырып, қазақ телевизиясының дамып келе жатқанының айқын дәлелі», - деді олар. «balapan» телеарнасының да жасөспірімдерге ұсынатын бағдарламалары сенаторлардың көңілінен шықты. Айтуларынша, осындай өнімдер арқылы болашақта ана тілін еркін меңгерген жас буын өсіп, қалыптасады.

 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу