Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев омбудсмендерді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев омбудсмендерді қабылдады

26.04.2018

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің Адам құқықтары жөніндегі омбудсмендерін қабылдады. Жоғары палата спикері еліміздегі Конституциялық реформа туралы баяндады. «Маңызды өзгерістердің бірі Сенатқа адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындау, босату құқығының берілуі, ұлттық құқық қорғау тетіктерін институттық тұрғыда қолдау үшін зор мүмкіндіктер береді», - деді. Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау саласындағы аймақтық ықпалдастықты қолдау және бірлескен күш-жігерді үйлестіру жайында айтты. «Адам құқықтарының рөлі өте жоғары деп санаймын, сондықтан, адам құқықтары мен еркіндігі және заң үстемдігі мәселелерінде біздің елдерімізге өзара тығыз іс-қимыл керек», деген пікір білдірді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу