Қазақстан мен Моңғолия сотталған азаматтарды өзара алмасу туралы келісімге қол қойды

29.03.2018

Бүгін Астанада қазақ-моңғол үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы аяқталды. Бұған дейінгі жиын осыдан 4 жыл бұрын өткен. Тараптар бұл жолы бірқатар құжаттарды бекітті. Оның ішінде  білім мен мәдениет, сауда-экономикалық және геология саласындағы меморандумдар бар. Басты құжаттардың ішінде қылмыскерлерді өзара алмасу туралы келісім бар. Оған Бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қол қойды. Сондай-ақ, комиссия кездесуді жиірек өткізіп тұруға сөз байласты. Келесі жиын Ұлан-Батор қаласында өтеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу