Алматыда әмбебап орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әмбебап орталық ашылды

23.08.2014
Алматыда әмбебап орталық ашылды

Бүгін Алматы қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен салынған халыққа тиімді әмбебап орталық ашылды. Әмбебап кешен салтанатты түрде ашылған соң, бірден жұмыс істеуге көшті.

Қаланың орталығында орналасқан бұл нысанда тұтынушыларға барлық жағдай жасалған. Мұнда керекті азық-түліктің барлық түрінен   бөлек, қала тұрғындары мен қала қонақтарына қолжетімді асхана да жұмыс істейді.

Көлік тізгіндеген азаматтарға арнайы автотұрақ та салынған.   Қаланың орталығынан орын тепкен бұл сауда орны бүгіннен бастап, тұтынушыларға қызмет етеді. Тауарлардың сапасы жақсы, бағасы да қымбат емес,-дейді тұтынушылар.

Айбар ЖАҚСЫБАЙ                  

Хабарламаларға жазылу