Биыл 14000 адам шағын несие ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 14000 адам шағын несие ала алады

05.03.2018

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Елбасы шағын несие беруді дамыту керектігін баса айтты. Өткен жылы елімізде 7200 адамға 300 млрд. теңге көлемінде шағын несие берілген. Бүгінгі Президент бастамасына сай бұл көрсеткіш екі есеге артады. Яғни, қаржы көлемі 20 млрд-қа көбейіп, 2018 жылы 14000-нан астам адам кәсіпкер бола алады. Бұл шағын кәсіпкерлікке жан бітіріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға септігін тигізбек. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу