Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты

19.02.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты. Форумда әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Еуропа Одағының Ресей және АҚШ-пен өзара іс-қимылына, Таяу Шығыс пен Корей түбегіндегі шиеленістерді реттеуге арналды. Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар кездесулер өткізді. БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Эрик Солхейммен кездесуде халықаралық ұйыммен ынтымақты нығайту жайын талқылады. Ал, ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияның атқарушы директоры Беатрис Финді ұйымға Нобель бейбітшілік сыйлығының табыс етілуімен құттықтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу