Қазақ-Америка қарым-қатынасына - 26 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Америка қарым-қатынасына - 26 жыл

16.01.2018

«Ресми Астана мен Вашингтон Ауғанстан мәселесі бойынша маңызды келісімдерге келеді деп ойлаймын». Біздің арнаға сұхбат берген сарапшы Жұмабек Сарабеков осындай пікірде. Америка -Қазақ елінің сыртқы саясат пен экономикадағы басты серіктестірінің бірі. 26 жылда мұхиттың арғы бетінен біздің елге 26 млрд. теңге инвестиция құйылыпты. Дональд Трамп әкімшілігі «Қазақстанды антиядролық қозғалыстың лидері ретінде құрмет тұтады». Өйтпесе, 2018 жылы Ақ үй иесі АҚШ-на ресми шақырту алған мемлекеттер тізімін Қазақстаннан бастамас еді. Қос Президенттің кездесуі кезінде халықаралық және аймақтық мәселелерді шешу жолдары талқыланып, бірқатар құнды құжат қабылданбақ.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Батыс пен Ресей арасында өршіген геосаяси қақтығыста Қазақстан да бейтарап саясат ұстанып отыр. Сондықтан, Америка үшін Қазақстан бүгінгі таңда Ресеймен тағы бір қосымша байланыс каналы ретінде қарастырылады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу