Мемлекеттік хатшы ЭЫДҰ Бас хатшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы ЭЫДҰ Бас хатшысын қабылдады

23.10.2017

Бүгін Ақордада Мемлекеттік Хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Халықаралық ұйымның әріптестік жайын және экономикалық дамудың жаңа моделі жағдайындағы адами капиталды қалыптастыру мәселесін талқылады. Мемлекеттік хатшы мейманға елдегі жүргізіліп жатқан реформалар туралы да хабардар етті.

Айта кету керек, Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында елдік бағдарлама қабылданып, жол картасы бекіген. Онда 500-ден астам ұсыным қамтылған. Ал, аталған ұйымның бас хатшысы әлемдегі үздік қаржыгерлердің бірі. Ол дүниежүзіндегі беделді экономикалық ұйымның бас хатшылығына қатарынан үшінші рет сайланған.

Анхель Гурриа, кономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы:

- Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Біз Қазақстанмен көптеген салада бірігіп жұмыс істейміз. Бүгін Астанада бірқатар билік өкілдерімен кездесемін. Ал, ертең Алматыда Еуразия Апталығы басталады. Оған осы өңірдегі белді сарапшылар мен экономистер қатысады.

 

 

Хабарламаларға жазылу