Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке құттықтау жеделхатын жолдады

16.10.2017

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді. «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізде табыс, ал, бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу