Мемлекет басшысы: Министрге жарияланған сөгіс, жұмыстан босатылғанмен тең - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы: Министрге жарияланған сөгіс, жұмыстан босатылғанмен тең

16.10.2017

«Министрге жарияланған сөгіс, жұмыстан босатылғанмен тең». Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа осылай деді. Мемлекет басшысына елдегі жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы баяндалды.  Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Энергетика министрлігінің уақытылы шешім қабылдамауының салдары осы жағдайға алып келгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Энергетика министрлігі еліміздің отын-энергетика мәселелеріне, соның ішінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жауапты. Елімізде оның тапшылығына байланысты орын алған ахуал Үкімет пен Энергетика министрлігі тарапынан немқұрайлылық пен жауапсыздыққа жол берілгенін көрсетіп отыр. Сіз биылғы мамыр айында мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін бекіттіңіз. Күзде үш зауыттың екеуі жөндеу үшін тоқтатылатынын білдіңіз. Мұндай жағдай жыл сайын қайталанып келеді. Соны біле тұра, алдын-ала дайындалып, халықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде жанар-жағармай жеткізуге тиіс едіңіз. Олай болмады.

Сондай-ақ, Елбасы министрліктің жанар-жағармай нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бұған дейінгі шараларының да тиімділігі төмен болғанын ескертті.

 

Дулат НУРКИН

Хабарламаларға жазылу